Қызыма кеңес🌙👑
Анам бала кезден тәрбиеге қатал болды. Әрдайым әкем: "Қыз тәрбиесі қиын , әлденені қалт жіберме. Сенің айтқаның майдай жағады, қыз емес бүкіл ұлт тәрбилеп отырсын !"-деп, анама айтып отырады. Ата-анамда екі перзентпіз, анам "екі жұлдызым" деп еркелетіп, керек болса ұрсып - та алады. Қызды қонақ көретін қазақ жұрты, барған жеріне өнегелі келін болуы үшін қыз баланы бесіктен түзейді. Сол анамның айтқан кеңестерін қойын дәптеріме түртіп жүруші ем, сіздерге де пайдасы тиер деген ниетпен , жариялауды жөн көрдім. - Болашақ жарың сенен ақылды , оқыған азамат болсын. Сонда ғана ол сенен бір саты жоғары тұрады. - Ешқашан істің байыбына бармай, байбалам салма. - Жолдасыңа о бастан "сіз" -деп сөйле, сіз-біз деп сыйласқан жерде ешқандай жанжал тумайды. - Әлденеге қапа болсаң ашуланба, ақылмен шеш. - Оның ата-анасына қандай қарым-қатынас жасасаң, бізге де сондай құрмет көрсетеді. Соны естен шығарма! - Ешқашан құрбыларыңа жұбайыңды жамандама, жолдасыңа өкпен басылар , алайда құрбыларыңнын алдында беделі түсер. Сенің бұл дүниеде Алладан артық ақылшың жоқ. - Үй шаруасына ешқашан жалқаулық танытпа, еріншектіктен салақтық туады. - Кешкі отырыстардан соң лас ыдыс қалдырма, лас ыдыс тұрған дастарханда береке болмайды. - Үй шаруасымен ол жоқ кезде айналыс, ол үйде болғанда тек оған көңіл бөл. - Жолдасың тапқан табысына қанағат ет, орнымен жұмса. - Тәтті тағаммен еркелет, сенің тамағынан соң дәмхана дегенді ұмытатындай болсын. - Оның достары келе, ақ дастарханыңды жайып , қабақ түймей қарсы ал. Ол үйден тыс жерде мүмкіндігінше ер азамат достарын , босағадан шығарып сал. - Оның рұқсатымен ғана , шақырған жерге бар. - Шаңырағын әрдайым таза болсын. - Жолдасыңды тергеме, күмән туған жерде көңіл суиды - Бүлдіршіндерін иман жүзді , кішіпейіл, жанашыр болсын - Отбасындағы жағдайды сыртқа білдірме - Ақылды бол, ақыл бәрін жеңеді. Өзіңді сыйлата біл
🌺🌺 Анам: - Барған жерің қызым десін. Сенің істеген ағаттығын саған емес, маған сын. Егер сендердің бақтарын ашылып, жұбайларыңнын разылығын алсаңдар , онда менің ақ сүтімнің ақталғаны!
🌺🌺 Әрбір ана баласының бақытын қалайды, ендігі жерде , артық мінез бен еркелікті қойып үлкен үмітті ақтау керек!